Биыл Екібастұздағы жағдай қалай болады - әкім жауап берді
Павлодар облысының әкімі жылу маусымына дайындық жүргізіліп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қыста Павлодар облысының жағдайы қалай болады, Екібастұздағы жағдай қайталанбай ма? деп БАҚ өкілдері Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысына Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановқа сауал жолдады.
Павлодар қаласында 3 жылу беру станциясы бар. Ақсу қаласында – 1 , Екібастұз қаласында -1 жылу станциясы бар. Сонымен толықтай Павлодар облысында 5 жылу беру станциясында жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тек Екібастұз қаласында ғана емес. Ақсу қаласының қазандығында толықтай жөндеуден өтіп жатыр. Уақыттан тыс қалған жұмыстар тіркелмеген. Мамыр айының аяғында №2 жылу станциясында кестеден тыс қалған қазандық бойынша бір мәселелер туындап еді. Ол мәселелер маусым айының 25-і күні толықтай шешілді, - деді ол.
Павлодар облысында тек Екібастұзда ғана емес, басқа аудандар да дайындық жүргізіп жатыр.
Бүкіл қала мен аудандарда жүріп жатыр. Облыс бойынша 5 станциядан бөлек,400 қазандық бар. Біз жұмыстардың барлығы 2023-2024 жылдың жылу маусымына дайын болады, - деді Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов.