Биыл «Дарын» сыйлығына тапсырыс бергендер 50 пайызға көп – министр
Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын ұсыну рәсімінде айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Биыл «Дарын» сыйлығына тапсырыс берген жастардың саны өткен жылға қарағанда 50% пайызға көп. Ұзын саны 340 конкурстық өтінімді қарап, әділ бағасын беру қазылар алқасына оңай тиген жоқ, - деді министр.
Нәтижесінде, конкурстық іріктеуден 10 номинация бойынша 19 жеңімпаз анықталды. Балаева «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының 2023 жылғы лауреаттарына сыйлыққа лайық азамат болуды аманаттады.
Осы құрметті атақты абыроймен алып жүріңіздер, сахна мен спорт алаңында ғана емес, өмірде де үлгі болыңыздар. Болашақта алға қойған жоспарларыңыз орындалып, мақсаттарыңызға жетіп, еліміздің лайықты азаматы болыңыздар, - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Министр «Дарын» сыйлығының маңызын атады
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы