Биыл COVID-19 вакцинасы тек ересектерге қолжетімді болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ресейлік Гамалея ұлттық зерттеу орталығының директоры Александр Гинцбург айтты деп жазады rg.ru.
Коронавирустық инфекцияға қарсы препарат ересектерге арналған сынақтардың толық циклынан өтуі керек, сондықтан биыл вакцина балаларға қолжетімді болмайды.
Заң бойынша жаңа дәрі-дәрмекті тексерудің толық циклінен өткізбей, оны 18 жасқа толмаған адамдарға пайдалануға ұсынуға болмайды. Біздің препаратымыз балаларға да жарайды деп үміттенемін, - деді Гинцбург.
Гамалея атындағы ҒЗО-да жасалған вакцина Сеченов университетінде және Бурденко ауруханасында сынақтан өтті. Тамыз айының басында оны азаматтық айналымға шығару жоспарлануда. Роспотребнадзор түсіндіргендей, Сovid-19 препараты, ең алдымен, қауіпті топтардағы адамдар үшін - дәрігерлер, мұғалімдер және жұмысы халықпен тікелей байланысты адамдар үшін қолжетімді болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
2,1 млн-нан астам қазақстандық 42 500 теңге алды
Келесі жаңалық
Исландияда жанартау атқылады
Өзгелердің жаңалығы