Биыл БҚО-да есірткі таратумен айналысқан 25 адам ұсталды
БҚО-да жыл басынан бері полиция қызметкерлері есірткі таратумен айналысқан 25 адамды ұстады, олардың арасында 6 жасөспірім болған, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жуырда Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Орал қаласындағы колледждердің бірінің бірінші курс студентін ұстады. Оны жеке тексеру кезінде қалтасынан ерекше иісі бар сұр түсті кристалды зат салынған 25 zip-пакет табылып, тәркіленді. Жас жігітке қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.
Полиция оқиғаның барлық мән-жайын, сондай-ақ есірткі жеткізудің мүмкін арналарын анықтап жатыр. Жыл басынан бері полиция қызметкерлері есірткі заттарын таратумен айналысатын 25 адамды ұстады, олардың арасында 6 жасөспірім бар.
Біздің іс-әрекеттеріміз осындай қылмыстың алдын алуға және кінәлілерді жауапқа тартуға бағытталған, – деп атап өтті ПД.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстан мен БАӘ мәдени байланысын нығайтпақ
Келесі жаңалық
«Астана» клубы алғаш рет лига кубогының чемпионы атанды
Өзгелердің жаңалығы