Биыл БҚО-да 16 сумен жабдықтау нысаны салынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Батыс Қазақстанда 2002-2010 жылдарға арналған «Ауыз су», «Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту» салалық бағдарламаларын іске асыру нәтижесінде 2002-2020 жылдар аралығында жалпы ұзындығы 3558 шақырым болатын 262 нысан салынып, қайта жаңартылды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің ресми сайты.
Бұдан бөлек, 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық дамуының мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде биыл 16 мыңнан астам тұрғынды қамтитын 16 сумен жабдықтау нысанын салуға және қайта құруға 4,2 млрд теңге бөлінді. Сумен жабдықтау құрылымдарының жалпы ұзындығы 266 шақырымды құрайды, – делінген әкімдіктің хабарламасында.
Нәтижесінде сумен қамту көрсеткіші 2,8 пайызға артып, жалпы облыстың сумен қамту көрсеткіші 57,3 пайызды құрамақ.
Сондай-ақ 244 елді мекен орталықтандырылған ауызсумен қамтылатын болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жол жөндеумен айналысатын 80 ұйымға айыппұл салынды – ШҚО
Келесі жаңалық
Ұлттық банк коллекциялық монеталарды айналымға шығарады
Өзгелердің жаңалығы