Биыл Батыс Қазақстанда құрылыс жұмыстары 7,9%-ға артқан
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өтіп жатқан баспасөз мәслихатында Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев мәлім етті.
Облыстың негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша оңды серпін байқалуда, атап айтсақ құрылыс жұмыстары – 7,9%-ға, тұрғын үйді іске қосу – 5,2%-ға өсті. Өңірде 1,6 трлн теңгеге 70 инвестициялық жоба іске асырылуда, -деп атап өтті әкім.
Есқалиевтің сөзінше,биыл газ бойынша өндірістік шектеулерді алып тастау және газ айдаудың 4-ші компрессоры, сондай-ақ жиһаз фабрикасы, сүт зауыты, өнеркәсіптік жылыжай кешені, пластмассадан қалдықтарды қайта өңдеу, заманауи демалыс базалары және басқа да ірі жобалар пайдалануға берілді.
Соңғы 3 жылда 1 млн га астам пайдаланылмайтын ауылшаруашылық жерлері анықталды. Осы жылы 3 бордақылау алаңы іске қосылды. Ұзындығы 185,6 шақырым құрайтын 3 магистраль каналын қайта жаңғырту жұмыстары басталды. Осы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша мемлекеттік бағдарламалар аясында 700-ге жуық жұмыс орнын құрумен 36 млрд теңгеге 1300-ден астам жобаға қолдау көрсетілді. «Еңбек» бағдарламасы бойынша 28 мыңнан астам адам жұмыспен қамту шараларына тартылды. Өңірде 16 мыңнан астам жұмыс орындары құрылды,- деді Батыс Қазақстан облысының басшысы.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы