Бүгiн 2026, 17:26 Фото: pixabay.com

Баспаналы болғысы келетіндер құжаттарын 10 наурызда тапсыруы қажет

Биыл “Наурыз” бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау 10 наурызда басталатын болды.

Биыл “Наурыз” бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау 10 наурызда басталатын болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қатысуға өтінім қабылдау мерзімі 10 наурыздан 31 наурызға дейін жалғасады.

10 наурызда “Наурыз 2026” бағдарламасы бойынша өтініш қабылдау басталады, - деп хабарлады Отбасы банк.

“Наурызға” кім қатыса алады?

  • Отбасы банкінің барлық салымшысы
  • Депозиті бар және шотында кемінде 2 млн теңге жинағы бар клиенттер
  • Соңғы 5 жылда өзінде де, отбасында да тұрғын үйі болмағандар

Өтінім беру тәсілі:

  • Барлығы онлайн өтеді - Baspana Market арқылы
  • Жеке кабинетке кіріп, өтінім беріңіз және нәтижені күтіңіз

Несие шарттары қандай?

Бастапқы жарна:
- Таза әрленген бастапқы тұрғын үй үшін - 10%-дан бастап
- Әрленбеген бастапқы немесе қайталама тұрғын үй үшін - 20%-дан бастап

Сыйақы мөлшерлемесі:

7 % (ЖТСМ 7,1 %-дан) - әлеуметтік осал топтарға
9 % (ЖТСМ 9,4 %-дан) - барлық қатысушыларға

Ең жоғары сома:

30 млн теңге - өңірлерде
36 млн теңге - Астана мен Алматыда

Мерзімі: 19 жылға дейін

Қандай пәтерлерді сатып алуға болады?

Бірінші нарықтағы (жаңа) тұрғын үйлер - Астана, Алматы және облыс орталықтарында.

Бірінші және екінші нарықтағы тұрғын үйлер - моноқалалар мен ауылдық елді мекендерде.

Тұрғын үйді Baspana Market порталынан таңдайсыз.