Биыл балаларға қатысты жыныстық зорлық қылмысы 8%-ға артқан
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да қылмыстық салада жеке адамның құқықтарын қорғауды күшейту бойынша Президент Жолдауын іске асыру бойынша өткен онлайн конференцияда айтты.
Президенттің тікелей тапсырмасы бар. Заң жобасында қарастырылып отырған заңда кәмелетке толмаған балаға зорлық көрсеткен адамдар рақымшылыққа ілінбейді. Жазасын олар аса ауыр режимде өтейтін тәртіптері бар жобаны Парламентке ұсындық. Парламент қолдаса, осындай іс-шаралар атқарылады, - деді ол.Ол атағандай, биыл балаларға қатысты зорлық қылмысы 8 пайызға артқан.
Ол өсімнің өз себептері бар. Бір қылмыстық ісі бойынша бір адамға қатысты 60 қылмыстық іс қозғалды. Былтыр осы сала бойынша жабық мекеме мен интернаттарда жыныстық зорлыққа қатысты оқиғаларды жасыратын болса, оларға да жауапкершілікті көздеген едік. Ол да өзінің нәтижесін беріп отыр. 8 пайызға өсіп отыр, бірақ жәбірленушілер саны өскен жоқ. Жолдау бойынша қылмыс аса ауыр қылмыс санатына жатады. Педофилдермен күрес күшейеді, - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мал ұрлағандар қанша жылға сотталады?
Өзгелердің жаңалығы