Биыл «Айбын» республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны қалай өтеді?

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Қарулы Күштері Бас штабы Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің бастығы Серік Борамбаев Президент жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.

Жастарды патриоттыққа тәрбиелеу мақсатында Қарағанды облысында СПАССК оқыту орталығының базасында VII «Айбын» Республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны өтеді. Пандемияға қатысты 2020 жылы жиын онлайн режимде өтті. Биыл жиын Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналады, - деді Борамбаев. 

Ол атап өткендей, биыл жиынға қатысушылар саны екі есеге көбейген. 

Өткен жылдары қатысушылар саны 300-500 аралығында болса, биыл олардың саны 1010 адамды құрады. Оған барлық қаланың 51 әскери-патриоттық клубы, 17 қорғаныс министрлігі мен өзге құрылым клубтары, Жас ұлан, Нұрмағамбетов атындағы әскери оқыту орнының атынан қатысушылары кіреді, - деді ол. 

Борамбаев атап өткендей, биылдан бастап еліміздің барлық аймағы арасында патриоттық бағытта ең үздік жұмысты ұйымдастырғаны үшін арнайы номинация енгізілді. 

Жиын қорытындысы бойынша патриоттық аймаққа немесе республикалық маңызы бар қалаға «Патриоттар мекені» ауыспалы кубогы тапсырылады, - деді ол. 

 

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы