Биыл автомобиль жолдарын жөндеу және салу бойынша ірі жобаларды аяқтау керек – Мамин
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін «Санитариялық-эпидемиологиялық жағдай» тақырыбында өткен Үкімет отырысы барысында премьер-министр Асқар Мамин айтты.
Nur Otan партиясының бағдарламасында Үкімет пен әкімдіктерге 12 мың шақырым жолды реконструкциялау және 27 мың шақырым жергілікті автомобиль жолдарының желісін жөндеу бойынша ауқымды міндет қойылды. Биыл 1,2 мың шақырым жол бойынша көлік қозғалысын ашып, жалпы ұзындығы 6 мың шақырым автомобиль жолдарын реконструкциялау, жөндеу және салу бойынша ірі жобаларды аяқтау керек. Соның ішінде, Талдықорған – Өскемен, Қарағанды – Балқаш – Қапшағай, Қалбатау – Майқапшағай сияқты тағы басқа жобалар, - деді ол.
Мамин биыл маңызы үлкен - Қызылорда-Жезқазған жолының реконструкциясы басталатынын айтты. Әкімдіктер 2,6 мың шақырым жергілікті автожолдарды салуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, жол бойындағы сервистің 125 жаңа нысаны салынады.
Осыған байланысты Индустрия министрлігі әкімдіктермен және «ҚазАвтожолмен» бірлесіп, жоспарланған жобалардың пайдалануға дер кезінде берілуін қамтамасыз етуі қажет және биыл жыл соңына дейін бөлінген қаражатты толық игеруді қамтамасыз етсін. Әкімдіктер құрылыс маусымының шекті мерзімдерін ескергені және биылғы жылға қойылған міндеттерді орындағаны жөн, - деді ол.
Үкімет басшысы құрылыс компанияларын битумның қажетті көлемімен қамтамасыз ету керек екенін атап өтті. Ол Энергетика министрлігіне құрылыс маусымының қызған шағында бағалардың өсуіне жол бермей, барлық автомобиль жолдары жобаларына қажетті битумның мәлімделген қажеттілігін қамтамасыз етуді тапсырды.
Индустрия министрлігі биылғы жылдың соңына дейін реконструкцияланған учаскелерде «ақы төлеуді» өнеркәсіптік пайдалануға енгізе отырып, автомобиль жолдарын өзін-өзі қамтамасыз етуге көшіру бойынша жұмысты аяқтасын. Бұл автомобиль жолдарын нормативтік күйде күтіп-ұстауға мүмкіндік береді. Облыстардың әкімдіктері «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, ұсынылатын қызметтердің сапасын жақсарту үшін жол бойындағы сервис объектілерін жаңарту жұмысын жандандырып, олардың барлығы Ұлттық стандарттарға сәйкес келуі тиіс, - деді Асқар Мамин.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Өнер көкпары. Командалардың құрамы бекітілді
Келесі жаңалық
Астанада 10 жайлы мектеп ашылды
Өзгелердің жаңалығы