Биыл автомектептердің қызмет көлемі 14 пайызға артты

Бірінші тоқсан қорытындысы бойынша жүргізушілерді даярлау мектептері көрсеткен қызметтердің көлемі 441,3 млн теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,3%-ға артық, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Оның ішінде бюджет есебінен 27,3 млн теңге, кәсіпорындар есебінен – 44,9 млн теңге, халық қаражаты есебінен – 369 млн теңгеге қызмет көрсетілген. 

Қызметтердің ең көп көлемін Батыс Қазақстан облысының автомектептері көрсеткен – 64,5 млн теңгеге, одан кейін Қарағанды және Ақтөбе облыстары, сәйкесінше 55,2 млн және 46,8 млн теңгеден. Көлік жүргізушілерін оқыту бойынша қызметтің ең аз көлемі Шымкент қаласында – 3,4 млн теңгеге.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ Архив
Өзгелердің жаңалығы