Биыл ауыл тұрғындары ауыз сумен қамтамасыз етіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.
Халықты сапалы ауыз сумен және су бұру қызметтерімен қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды жалғастыру мақсатында 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде биыл республикалық бюджеттен 111,5 млрд теңге қарастырылып отыр. Ол қаражатқа 316 жоба іске асырылады. Нәтижесінде қалаларда халықты ауыз сумен қамтамасыз ету көрсеткіші 97,5% жеткізіледі. Бұл - 10 млн-нан астам адам. Ал ауылдық жерлерде аталған көрсеткіш 87,7% жетіп, 6,84 млн адамды қамтиды. Сондай-ақ қалаларда ағынды суларды тазартумен қамту 74,9% құрайды, – делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы бұл бағытта 404 жоба жүзеге асырылып, 4078 ауыл сумен қамтылды. Қазіргі уақытта ел бойынша ауыз суға қолжетімділік көрсеткіші - 92,6%.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мемлекет басшысы Қорғаныс министрін қабылдады
Өзгелердің жаңалығы