Биыл ауыл шаруашылығындағы өндіріс 2,3%-ға төмендеген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев мәлімеді.

Ол тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша жалпы алғанда оң динамика сақталғанын айтты.


Есепті кезеңде 11,6 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Көрсеткіштің өсуі 7,9%-ды құрады. Оң динамика 15 өңір бойынша тіркелді, олардың арасында ең жоғарғы көрсеткіш Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарында, сондай-ақ Шымкент қаласында тіркеліп отыр, -деді ол.


Оның сөзінше, ауыл шаруашылығында есепті кезеңде өндірістің 2,3%-ға төмендеуі тіркелген. Бұл сала бойынша ең төмен көрсеткіштер Қостанай (14,1%-ға төмендеу) және Ақмола (10,9%-ға) облыстарында байқалуда.

Саладағы өндірістің оң өсуі 9 өңірде тіркелді. Ең жоғарғы өсуді Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстары көрсетті, - деді Ұлттық экономика министрі.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы