Биыл ауыл оқушылары ҰБТ-дан ең жоғары балл жинайды
Бұл туралы ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Гүлзат Көбенова ОКҚ-да өткен брифингте айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Соңғы 3 жылдың ішінде алғаш рет 140 балл жинаған талапкер шықты. Бұл Алматы облысы, Талғар ауданы, Қарабұлақ ауылының №22 орта мектебінің түлегі Жаннұр Еңсебек, - деді комитеті өкілі брифингте.
Көбенованың сөзіне қарағанда, былтыр ең жоғары балл 137 болған, оны 5 адам жинаған еді.
Биыл 139 балды 2 түлек: Шығыс Қазақстан облысының түлегі Аяужан Мұратова мен Қызылорда облысының түлегі Нұрболат Жұбатқан жинады.
Атап өтсек, аталған үш талапкер ауыл мектептерінің түлегі. 716 оқуға түсуші 130 балдан жоғары нәтижеге қол жеткізді, - деп қоса кетті Гүлзат Көбенова.
Мәліметке сәйкес, соңғы рет ҰБТ нәтижесі бойынша 140 балды Павлодар облысының талапкері 2021 жылы жинаған, ал 2018 жылы Алматы қаласының талапкері жинаған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
ҰБТ-2024: Биыл неше талапкер шекті балл жинады
Өзгелердің жаңалығы