Биыл Атырауда 9 мың адам тұрақты жұмысқа орналасты
2023 жылдың басынан мұнайлы өңірде 17 мыңнан астам адам екі қолға бір күрек тапты. Соның ішінде 9 мың тұрғын тұрақты жұмысқа орналасты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мәмбетов мәлімдеді.
Басқарма басшысының сөзінше, биыл әлеуметтік жұмыс орындарына 504 адам, қоғамдық жұмыстарға 5 296 адам, алғашқы жұмыс тәжірибесін жинақтау мақсатында ұйымдастырылған жастар практикасына 1 486 жастар, «Алғашқы жұмыс орны» жобасына 278 жастар, «Күміс жас» жобасына 639 адам және «Ұрпақтар келісім шарты» жобасына 19 жас орналасқан.
Келешек кеңею жобасында Келешек кеңею жобасынан қысқарту болғанына қарамастан, облыстағы жүзеге асырылып жатқан (Қашаған кен орнында "Газды қайта өңдеу зауытының құрылысы») инвестициялық жобалар мен («2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі», «Бизнестің жол картасы, «Сапалы білім «Білімді ұлт», «Ауыл шаруашылығын дамыту», «Жасыл Қазақстан», «Ұлттық рухани жаңғыру», «Жайлы мектеп» ұлттық жобалары мен «Ауыл ел бесігі», «Ауыл аманаты», «Тұрғын үй коммуналдық инфрақұрылымын дамыту», «Индустриялық-инновациялық даму» т.б.) мемлекеттік Ұлттық жобаларында жұмыс орындары құрылып, облыста жұмыссыздық деңгейі бірқалыпты 4,9% деңгейінде сақталды,-дейді А.Мәмбетов.
Жауапты басқарма негізгі жұмысын атқара отырып, президент жүктеген міндеттерге де баса назар аударды. Атап айтқанда, мемлекет басшысының тапсырмасына сай жастарға жеңілдетілген несие беруді қолға алды. Соның арқасында биыл аймақтағы 196 жас 2,5 пайызбен микронесие алып, кәсібін бастады.
196 жастарға 2,5% жеңілдікпен 930,0 млн. теңгеге микрокредиттер берілді. Олардың ішінен 117-і ауыл шаруашылығын дамытуға (түйе, сиыр,
жылқы, қой басын көбейтуге және оның өнімін шығарып (ет, сүт, сүт өнімдерін, полуфабрикаттар жасақтау), құс шаруашылығы), сервистік қызметтерге – 39 микрокредиттер (медициналық құралдар алу, нан, кондитерлік өнімдер пісіру, көлік жөндеу орталығына, экстремальды квадрациклды сатып алып, пайда табуға, тасымалдау қызметтерін, такси қызметін ұйымдастыруға көлік алуға, Камаз автокөлігін сатып алуға, су сату құрылғыларын алу, сантехникалық, полиграфия қызметтеріне, жиһаз жасақтау, кафетерий, фастфуд, сұлулық салон, шаштараз, наубайхана қызметтерін ұйымдастыруға, әйелдерге, балаларға арналған киім дүкенін ашуға, компьютерлік клуб жұмысына және гүл, үрмелі шарлар дүкенін ашуға) бағыттарына берілді, деді Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы А.Мәмбетов.
Атырау облысында мүгедектігі бар адамдар, пробация есебінде тұрғандар және жазасын өтеу орындарынан босап шыққан адамдар үшін квота белгіленіп, мекемелер тізбесі де бекітілді. Жыл бойы жұмысқа қабілетті мүгедектігі бар 1 182 адам хабарласып, оның 1 019-ына әлеуметтік қолдау түрлері көрсетілді. Пробация есебінде және жазасын өтеу орындарынан босап шыққан адамдар қатарынан 238 адам хабарласты, оның 149-ына жұмыспен қамту шаралдары көрсетілді.
Сондай-ақ, биыл Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында мүгедектігі бар адамдарды тасымалдауды қамтамасыз ететін 74 инватакси қызмет көрсетеді, облыс әкімінің қолдауымен Атырау қаласының мүгедектігі бар адамдар үшін қосымша 5 мамандырылған инватакси көлігі сатып алынды. Менталдық ауытқуы бар балалар үшін Атырауда алғаш мемлекеттік «Айна Like» жартылай күндізгі стационар ашылды. Басқарманың ұсынысымен мүгедектігі бар балаларға арналған «Атырау қаласында 150 орындық оңалту орталығын салу» жобасы Облыстың кешенді жоспарына енгізіліп, орталықты Атырау қаласы Алмалы ауылында құрылыс-монтаждау жұмыстары басталып, 2025 жылы аяқталады. 2024 жылдың I тоқсанында 18 жастан асқан психикалық ауру бар адамдар үшін Жылыой ауданынан 200 орындық No2 Арнаулы қызмет көрсету орталығы ашылады,-деді А.Мәмбетов.
2023 жылы жалпы алғанда азаматтардың 56,0 мыңға жуық жекелеген санаттарына бюджеттен 2 млрд. 870 млн. теңгеге біржолғы және ай сайынғы
әлеуметтік көмектер көрсетілді.