Биыл Атырауда 5600-ден астам түп ағаш егіледі

Атырауда күн жылына салысымен-ақ, қаланы көгалдандырумен айналысатын «Каспийдормостострой» ЖШС ағаш егу жұмыстарын бастап кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында Атырауды көгалдандырумен айналысатын «Каспийдормостострой» ЖШС жұмысшылары Махамбет атындағы академиялық драма театры аумағында 150 дана қарағаш отырғызды. Ал келесі апта ішінде қалаға кіре берістегі А-27 тасжолының бойында 300 түп ағаш отырғызу жоспарланып отыр.

«Каспийдормостострой» ЖШС директорының орынбасары Леонид Задерныйдың айтуынша, ағаштардың басым бөлігі күзде егіледі.

Бұл туралы тапсырыс беруші мен мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шартында келісілген. Күзде 5154 дана ағаш егіледі. Ол үшін ең алдымен ағаш егілетін аудандар мен учаскелерді таңдаймыз, топырақты талдаймыз, яғни жердің құнарлығын анықтауымыз қажет. Мұнан соң қала әкімінің шешімі бойынша жер бөлуді рәсімдеп, іске кірісеміз. Жалпы, биыл 5600-ден астам ағаш отырғызамыз деп жоспарлап отырмыз. Атыраудың климатына күл, үйеңкі, қарағаш, джида, ива шыдамды келеді. Олардың көшеттерін біз өзіміздің тұқымбағымызда өсіргендіктен, тұзды топыраққа, жер асты суларына, шаңды желге, аптап ыстыққа және аязға төзімді келеді, - деді Л.Задерный.

Сонымен қатар, «Каспийдормостострой» ЖШС 5 жылдан бері әр көктемде көшеттерді отырғызу үшін өз тұқымбағынан жылына 1000 дана көлемінде көшеттерді белсенділер мен қаланың қарапайым тұрғындарына қайырымдылық жолмен беріп келеді.

Айта кетейік, былтыр Атырау қаласында 6300 дана ағаш егілді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: atpress.kz
Өзгелердің жаңалығы