Биыл Астанада миллион жасыл желек отырғызылады

Биыл Астанада бір миллионға жуық жасыл желек (ағаштар, бұталар, көшеттер және т.б.) отырғызылады. Қазірдің өзінде оның біраз бөлігі егілген, деп хабарлайды BAQKZ.

Бүгін елордада Дүниежүзілік тазалық күні (World Cleanup Day) және «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» экоакциясы аясында жалпықалалық ауқымды сенбілік өткізілді.

Астана әкімдігінің мәліметінше, барлық аудандарда саябақтар, скверлер мен аулалар тазартылып, қайың, емен, шырша, қарағай, сирень сияқты қылқан жапырақты және жапырақты 2 мыңнан астам ағаш отырғызылды.

Бүгін мен үшін және біздің ауданның көптеген тұрғындары үшін ерекше күн болды. Көршілермен бірге Жүргенов көшесінде ағаш отырғызу бойынша экоакцияға қатыстық. Әртүрлі жастағы және түрлі саладағы, қызығушылықтары да әралуан адамдардың ортақ игілік үшін бірігіп жатқанын көру бір ғанибет болды. Бұл біздің қаланы қаншалықты жақсы көретінімізді және оны жақсартуға ұмтылатынымызды көрсетеді, - деді Алматы ауданы тұрғындарының бірі.

Экоакцияға қала тұрғындары, еңбек ұжымдары, мемлекеттік органдардың қызметкерлері, шағын және орта бизнес субъектілері (базарлар, сауда-ойын-сауық орталықтары, кафелер, мейрамханалар және басқалар), еріктілер, мәслихат депутаттары мен үкіметтік емес ұйымдар, мәдениет және спорт қайраткерлері, МИБ (ПИК) және басқалар қатысты.

Астанада экоакция шеңберінде қаланы, нөсер және арық кәріз желілерін санитарлық тазарту, көшелерді, тротуарларды, орамішілік аумақтарды, қоғамдық кеңістіктер мен аулаларды тазалау және т.б. сондай-ақ жасыл желектерді күтіп-баптау және отырғызу бойынша маусымдық агротехникалық жұмыстар, сауда нысандарына іргелес аумақтарды жинау, рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін жою және т.б. жұмыстары жүргізілді.

Тұрғындар елордада тазалық пен тәртіпті қамтамасыз етуге белсенді үлес қосуда. Қала тұрғындары бүкіл отбасыларымен және аула болып қаланы тазалауға шықты.

Естеріңізге сала кетейік, елордада Taza Astana жаңа әлеуметтік жобасы іске асырылды. Жоба құқықтық тәртіп, абаттандыру, көгалдандыру, санитарлық тазалау, көппәтерлі тұрғын үйлердің, үй жанындағы, орамішілік және аула аумақтарының кірме топтарының тазалығы мәселелері бойынша жүйелі жұмыс жасауға бағытталған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы