Биыл Аризона университетінде оқуға 500 қазақстандық студент мүмкіндік алады – Дэниел Палм

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Аризона Университетінің жаһанмен байланыс бойынша ассоциативті вице-президенті (АҚШ) Дэниел Палм   Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты. 

М.Қозыбаев атындағы СҚУ университетінде қазақстандық студенттер әлемдік білім алу үшін бағдарламаны ұйымдастырып отырмыз. Бұл ғылым мен зерттеу жобаларын дамытып, академиялық жүйені дамытуға мүмкіндік береді. Аризона университетінің әлем бойынша 11 кампусы бар. Біз олармен қос диплом бойынша жұмыс істеп жатырмыз. 2 мыңнан астам студент оқуға кірісті, - деді Палм. 

Ол атағандай, мұндай бағдарламаға қатысатын студенттер АҚШ профессорлары мен жергілікті профессорлардан білім алады. 

Олар екі деңгей бойынша алады. Біреуі Аризона университетінен, екіншісі СҚО университетінен. Бұл бағдарлама бойынша оқитын студенттер өзінің тәртібі мен үлгеріміне ерекше қарауы керек. Студенттер Аризонаға да барып, Қазақстанда да оқи алады. Студенттер 40 мың адам оқитын университетте білім ала алады. Осы күзде біз 500 студентке арналған 5 қос дипломдық стипендиялық бағдарламаны іске қосамыз. Біз қолданбалы биотехнология, өсімдік денсаулығы, өсімдік туралы ғылым, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі және деректер туралы ғылым бағдарламаларын инженерия, денсаулық сақтау, жаһандық медиа, білім беру, химия және т.б. бағдарламалардың болашақ жоспарларын ұсынамыз, - деді ол. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы