Биыл Қарағандыда 8 өрт сөндіру бекеті ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл Қарағанды облысында өрттің қауіпті кезеңі басталғалы бері 8 өрт сөндіру бекеті ашылды, деп хабарлайды облыс әкімінің ресми сайты.
16 өрт сөндіру көлігінің жетеуі облыстық ТЖД-не берілсе, қалған тоғызы жергілікті атқарушы органдар мен шаруа қожалықтарында.
Қазіргі уақытта өрт сөндіру бекеттерін құру үшін Абай, Ақтоғай, Жаңаарқа, Қарқаралы, Нұра, Ұлытау және Шет аудандарының әкімдіктеріне тағы сегіз бірлік өрт сөндіру автотехникасын коммуналдық меншікке беруге ҚР ІІМ ТЖК келісімі алынды.
Табиғи өрттерді сөндірудің тиімділігін мобильді кешендер де көрсетіп отыр.
Осылайша, табиғи өрттер мен жануларға жедел әрекет ету үшін Қарқаралы ауданының әкімдігі осы жылдың шілде айында бес мобильді өрт сөндіру кешенін сатып алды.
Жабдық екі білікті тіркемелерге орнатылған. Кешендер кубтық сыйымдылықтармен, мотопомпалармен, бүріккіш агрегаттармен, шанцтық құрал-сайманмен жабдықталған, сондай-ақ оларға өрт сөндірушінің жауынгерлік киімінің екі жиынтығы қоса беріледі.
Жылжымалы қондырғылар Қаршығалы, Бақты, Бесоба, Нұркен Әбдіров ауылдық округтеріне және Қарқаралы аумағында өрт сөндіру бекеттерін құру үшін жіберілді.
Сондай-ақ, Нұра ауданының әкімдігі он текше сыйымдылық, бес жоғары қысымды аппарат, бес мотопомпа сатып алып, оларды алыс ауылдық округтерге тапсырды. Осының арқасында үш жаңа өрт сөндіру бекеті құрылды.
Қазіргі уақытта Бұқар жырау, Жаңаарқа және Ұлытау аудандарында мобильді кешендерді сатып алу бойынша жұмыстар жүргізілуде.