Биыл АҚШ-та 6 млн бала коронавирус жұқтырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Америкалық педиатрия академиясы мен Балалар ауруханасы қоғамдастығы жасаған соңғы есепке сәйкес, биыл АҚШ-та 6 млн-нан астам бала коронавирус жұқтырған.
Бұл туралы News CN хабарлады.
Соңғы төрт аптаның ішінде ғана 287 мың жағдай тіркелген. Америкада COVID-19-ға шалдыққан балалар саны бір жылғымен салыстырғанда әлдеқайда көп дейді мамандар.
Осыған байланысты вирустың жаңа нұсқасымен байланысты аурудың ауырлығын бағалау үшін жас ерекшеліктері туралы деректер жинақталуда. Сондай-ақ балалар мен жастардың физикалық және психикалық денсаулығына індеттің ықпалы зерттеліп жатыр.
Пандемия басталғалы бері Құрама штаттарда 13,9 млн-нан астам бала коронавируспен ауырған.Елдің денсаулық сақтау министрлігі таратқан деректерге сәйкес, бес жасқа толмаған 30 мыңнан астам америкалық бала аталған вируспен ауруханаға жатқызылып, 500-ден аса өлім тіркелген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Балабақшаларды лицензиялау – жемқорлық деңгейін төмендетеді
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы