Биыл Ақмола облысына 530 млрд теңге инвестиция тартылды - әкім

Биыл Ақмола облысына 530 млрд теңге инвестиция тартылды. Бұл туралы өңір әкімі Марат Ахметжанов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның мәлімдеуінше, биыл аймаққа 530 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 7 пайыз көп.

Жеке инвестициялық жобаны табысты іске асыру көрсеткіштердің өсуіне әкеледі. Биыл 185 млрд теңгеге 154 жоба іске асырылды. 1,5 мың ақмолалық жаңа жұмыс орындарына ие болды, - деді Марат Ахметжанов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар әкімнің сөзінше, инвестицияның жартысынан көбі жаңартылатын энергия көздеріне тартылды.

Аршалы ауданында қуаты 150 МВт болатын өңірдегі ең ірі жел электр станциясының бірінші сатысы пайдалануға берілді. Зеренді және Ерейментау аудандарында жалпы қуаты 30 МВт-тан асатын 3 жел электр станциясы іске қосылды. Қосшы қаласында 7,5 млрд теңгеге мектеп-гимназия салынды. Желтоқсан айында Қосшыда «IL Tov» ЖШС құс етін өңдеу зауытын ашады. Ақкөл ауданында «Sirius Plus» емдеу-сауықтыру қонақ үй кешені қолданысқа беріледі. Жалпы, 2023 жылы инвестиция көлемі 240 млрд теңгеден асатын 223 жобаны іске қосылды, - деді облыс басшысы.  

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Марат Ахметжанов Ақмола облысында жұмыссыздық мәселесін қалай шешіп жатқанын айтты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы