Биыл АӨК-ке 29 млрд теңге тартылады - әкім

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да «Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында Қарағанды облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» өткен брифингте Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек айтты.

Ауыл шаруашылығы кешені саласында тұрақты өсім 4,5 пайызды құрап отыр. Бұл республика бойынша екінші көрсеткіш. Ауыл шаруашылығы саласына құйылатын инвестиция көлемі 57 пайызға артты. Биыл 29,1 млрд теңге тарту көзделіп отыр. Көктемгі егіс жұмыстары басталды. Жұмысты 29 мамырға дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз, - деді Жеңіс Қасымбек.

Ол атағандай, Қарағанды облысының шаруалары биылғы маусымға толық дайын екенін айтты.

Биыл шағын және орта бизнес, сауда және қызмет көрсету саласына айтарлықтай әсер етті. Мемлекеттің қолдауының арқасында шағын және орта бизнес өнім өндіруді 1,7 пайызға көбейтті, - деді ол.

Әкімнің айтуынша, Ashyq жобасына қатысу арқылы облыста 547 кәсіпорын жұмысын қайта жандандырды.

Республика бойынша бұл жағынан көш бастап тұрған салалардың бірі – осы. Мемлекеттік бағдарламалар аясында 1016 жоба жүзеге асырылып жатыр, - деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы