23 Желтоқсан 2023 2023, 02:23
Фото: baq.kz
Биыл Алматыға 97 мыңнан астам шетелдік келді
Алматы қалалық Полиция департаментінің көші-қон қызметінің мәліметінше, жыл басынан бері қалаға 97 319 шетел азаматы келген, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Алматы қалалық Полиция департаментінің көші-қон қызметінің мәліметінше, жыл басынан бері қалаға 97 319 шетел азаматы келген, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 10 977 шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен 1331 шетел азаматы елден шығарылды, – деп жазылған хабарламада.
Шетелдік жұмыс күшін тарту тәртібін бұзған 176 жұмыс берушіге әкімшілік шара қолданылды.