Биыл Алматыдағы Төле би даңғылын ұзарту жұмыстары басталады

Алматы, BAQ.KZ. Алматыда бірнеше көше ұзартылып, жаңа көлік айрығының құрылысы басталады. Бұл туралы Алматы қаласы ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Әкімшілік полиция басқармасының мәліметінше, Саин көшесімен Мөңке би көшесінің қиылысында көлік айрығын салу, сондай-ақ Төле би даңғылын созу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, биыл Абай даңғылын созуды, Саин көшесі, Әуезов көшесі, Сейфуллин даңғылымен Жансүгіров көшесімен Құлжа трактісінен Бухтарминск көшесіне дейінгі көлік айрығын салуды, сондай-ақ «Сарыарқа» және «Б.Момышұлы» бекеттерімен қосып, ұзындығы 3,1 шақырымды құрайтын метро желісін пайдалануға беру жоспарда бар. Оған қоса ұзындығы 30,5 шақырымды құрайтын «Думан» ықшам ауданында күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтау, Алғабас, Қайрат, Альмерек шағын аудандарындағы 43,1 шақырымды құрайтын 141 көшеде жол құрылысын аяқтау жоспарлануда, – деді Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Болатбек Баятанов. 

Сонымен қатар ол өткен жылы Рысқұлов даңғылы – Емцов көшесі қиылысында көлік айрығы іске қосылғанын атап өтті.
 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы