Биыл Алматыдағы 190 көшеге жөндеу жұмысы жүргізіледі - Сағынтаев

Алматы, BAQ.KZ. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев биыл қаладағы қандай ықшам аудандардың жолы жөнделетінін мәлімдеді.

Оның айтуынша, жол инфрақұрылымын жақсарту бойынша ауқымды жұмыстар биыл да жалғасын табады. Өткен жылдағыдай қалаға қосылған аумақтарды дамытудың «Жаңа Алматы» кешенді жоспары аясында Түрксіб, Наурызбай, Алатау аудандарына тиесілі ықшамаудандарға ерекше назар аударылады. 2020 жылы мұнда 42,7 шақырым жаңа жол салынған.

Жеті ықшамауданда, яғни Самғау, Шаңырақ-5, Өжет, Құрамыс, Әлмерек, Нұршашқан, Қайратта биыл 76 шақырымға жететін жаңа жолдың құрылысын бастаймыз. Оның 43 шақырымы жыл соңына дейін аяқталса, қалған 33 шақырымын Әлмерек пен Қайрат ықшамаудандарында сумен жабдықтау және су бұру желілерін жүргізу жұмыстары біткеннен кейін тапсырамыз, - деп жазды ол facebook-тегі парақшасына.

Сондай-ақ, ол  биыл Думан ықшамауданындағы 59 көшенің 26,8 км жолына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетінін мәлімдеді. 

Өткен жылы мұнда 6 көшеде ұзындығы 3,7 км-ге жететін жол жөнделді. Сондай-ақ биыл ұзындығы 183 шақырым болатын 190 көшені орташа жөндеуден өткізуді жоспарлап отырмыз. Оның төрттен бір бөлігі Алатау ауданына тиесілі, - деп жазды қала әкімі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы