Биыл Алматыдағы балалар үйі түлектеріне 61 пәтер берілген

Алматы, BAQ.KZ. Қазақстанның балалар үйлері түлектерінің Конституциялық құқықтарының бұзылуы кез-келген тәуекелге ұрындыруы мүмкін, сондықтан оның алдын алу өте маңызды. Бұл туралы "Қазақстанның балалар үйлері түлектерінің қоғамдастығы" ЗТҚ-ның президенті Рафаэль Гасанов Алматыда өткен  брифинг кезінде айтты.

Балалар үйі түлектеріне қолдау көрсету мәселесіне арналған жиында Рафаэль Гасанов жұмыстың жаңа формаларын, әдістері мен тетіктерін тиімді пайдалана отырып, қолданыстағы іс-қимыл алгоритмін түбірінен өзгертпейінше Қоғамдастық жұмысын алға жылжыту мүмкін еместігін айтты.
Аумақтық білім басқармасы өңірлер қауымдастықтарымен бірігіп балалар үйлері түлектерінің әлеуметтік ортаға енуіне шығармашылықпен және жауапкершілікпен қараулары, бұл іске қоғамдық ұйымдарды, білім орталықтарын, бизнес-қауымдастықты кеңінен тартуы тиіс. Сонымен қатар, өңірлердегі жергілікті атқару органдары әлеуметтік-экономикалық мәселені шешу үшін балалар үйлері түлектерінің жалдамалы пәтерлер алуына ықпал етулері қажет. Қауымдастықтың барлық бастамалары құндылықтар биігінен іске асуда, біз мұны басты бағдар етіп алдық. Бұл – әділдік, сенім және адамгершілік, - дейді ол.
Айта кетерлігі, қиын жағдайларға душар болған Қазақстанның балалар үйлері түлектері үшін «Аяла» пилотты жобасы қолға алынады, оның барысында арнайы жұмыс орындары құрылып, заңгерлер мен психологтардың көмектері ұйымдастырылады. Рафаэль Гасановтың пікірінше, түлектердің әлеуметтік ортаға батыл енулері үшін барынша ұтымды әрі пайдалы әдістерді қолдау қажет.

Орталық әлеуметтік қызметтің сегіз түрін ұсынады, олар: әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-құқықтық, әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық,, әлеуметтік еңбекпен қамту, әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік-мәдени көмектер. Бұлардың барлығы балалар үйлері түлектеріне заңнамалық, психологиялық кеңестер арқылы көрсетілетін болады. Қызметтер әр түлекке жеке немесе сырттай және №150 сенім телефоны арқылы ұсынылады, топтық консультациялар, ағартушылық семинарлар, тренингтер, әңгімелер және басқалары өткізіледі.

2019 жылы Қауымдастық 1289 өтінішті тіркеді, оның 689-ы тікелей тұрғын үйге қатысты. Өтініштердің үштен бірі жұмысқа орналастыруды, ЖОО оқу үшін мемлекеттік грант бөлуді, енді бірі қаржылық көмек көрсетуді сұрайды.

Рафаэль Гасанов өзінің сөзінде Алматы қаласының қолжетімді баспана бағдарламасын жүзеге асыруда көшбасшы екенін атап өтті, осы бағдарлама аясында балалар үйлерінің түлектеріне 61 пәтер берілген, бұл өткен жылғы көрсеткіштен үш есе көп.

Қазіргі кезде "Жастар үйі" ЦАиПВСУ КМБ әлеуметтік мекемелердің 190 түлегі тұрып жатыр, олардың ішінде:
- "Жастар үйі" (Дом юношества) - 80 түлек;
- бес қабатты "Жастар үйінде" - 110 түлек.
Қазақстанның балалар үйлері түлектерінің Конституциялық құқықтарының бұзылуы кез-келген тәуекелге ұрындыруы мүмкін, сондықтан оның алдын алу өте маңызды, - деп қорытындылады сөзін Рафаэль Гасанов.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы