24 Қаңтар 2025, 08:29
Фото: Алматы қаласының әкімдігі
Биыл Алматыда шағын және орта бизнеске 71 млрд теңге бөлінеді
Биыл Алматыда шағын және орта бизнесті дамытуға бюджеттен 71 млрд теңге бөлінбек. Бұл сома, оның ішінде жергілікті бюджеттің қаржыландыруын 2,5 есеге арттыру арқылы 52,6 млрд теңгеге жеткізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ мегаполис әкімдігіне сілтеме жасап.
Биыл Алматыда шағын және орта бизнесті дамытуға бюджеттен 71 млрд теңге бөлінбек. Бұл сома, оның ішінде жергілікті бюджеттің қаржыландыруын 2,5 есеге арттыру арқылы 52,6 млрд теңгеге жеткізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ мегаполис әкімдігіне сілтеме жасап.
Қаржы жалпы 4 мың жобаны, оның ішінде 2 мың жаңа жобаны қолдауға мүмкіндік береді. Бұл туралы Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы хабарлады.
Бүгінде бұл салада қалад жұмыс істейтіндердің 85%-дан астамы, яғни шамамен 942 мың алматылық еңбек етеді.
Айта кетейік, Алматыда шағын және орта бизнестің экономикаға қосатын үлесін 2024 жылғы 60%-дан 2030 жылға қарай 75%-ға дейін арттыру жоспарланып отыр.
Еске сала кетейік, 2024 жылы 2,5 мың жаңа жобаны қолдауға бюджеттен 53,1 млрд теңге бөлінген болатын.
- Алматыда LRT құрылысына байланысты Төле би көшесінің бір бөлігі түнде жабылады 20:14
- Қарағанды облысындағы табиғи өртті 200 адам сөндіріп жатыр 19:52
- ШҚО-да сырттан келген екі адамнан психотроптық зат салынған 34 орама табылды 19:06
- Қазақстан құрамасы ауыр атлетикадан Азия чемпионатында қалай өнер көрсетті? 18:48
- Индонезиядағы магнитудасы 7,7 жер сілкінісі: қаза тапқандар саны 20-ға жетті 18:13
- Электр қуатының өшуі Қазақстанның оңтүстігіндегі энергожүйе үшін сынақ болды 17:56
- Шығыс Қазақстанда құрғақ шөп өртеніп жатыр 17:49