Биыл Алматыда 3,5 мың адам тұрақты жұмысқа орналасты
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Жыл басынан бері 17 167 азамат жұмыспен қамту бойынша жүгінді. Олардың ішінде 3 566 адам тұрақты жұмысқа орналасты, ал уақытша жұмысқа 8 328 адамды орналастырдық.
Бұл туралы Алматы қаласы Жұмыспен қамту орталығының директоры Диляра Иманқұлова ӨКҚ алаңында өткен брифингте айтты.
Оның айтуынша, 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба іске қосылған.
Халықты жұмыспен қамту бойынша өткен жылы Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы іске асырылды. Ол үш бағыт бойынша іске асты. Атап айтсақ, бағдарламаға қатысушылар қысқа мерзімді техникалық және кәсіби білім алды. Одан бөлек жаппай кәсіпкерлікті дамыту оқытылды. Сондай-ақ жұмыспен қамтуға жәрдемдесу арқылы еңбек нарығын дамыту іске асты. Өткен жылы 39 245 адам жұмыспен қамтылды, олардың 10 984-і уақытша, 28 351-і тұрақты жұмыспен қамтылды,-деді Иманқұлова.
Сондай-ақ ол «Жастар практикасы» және «Бірінші жұмыс орны» жұмысқа орналастыру жобалары туралы айтты.
«Жастар практикасы» жоғары оқу орнын тамадаған, еш жерде жұмыс іс темеген, тәжірибесі жоқ 29 жасқа дейінгі азаматтарға арналған. Жоба аясында олар 12 айлық мерзімге дейін бір мекемеде тәжірибеден өтеді және Жұмыспен қамту орталығы 30 АЕК көлемінде жалақы төлейді, бірақ Алматыда 40 АЕК көлемінде төленеді, яғни 122 520 теңге алады. Биыл бұл жобамен 1000 адамды қамту жоспарланған, қазір 390 азамат қабылданды, - деді ол.
Ал, «Бірінші жұмыс орны» жобасымен биыл 424 адамды қамту жоспарланыпты, қазір 92 азамат қабылданған.