Биыл Алматыда 28 мыңнан астам бала 1-сыныпқа барады
Алматыда 13 мыңға жуық бала 55 мың теңге көлемінде қаржылай көмек алды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде Алматы әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова мәлімдеді.
Соңғы 3 жылда алғаш рет бірінші сынып оқушылары санының төмендеуі байқалды, өткен жылмен салыстырғанда 4 мың адамға төмендеді. Жалпы, 308519 бала мектеп партасына отырады, - деді Әсем Нүсіпова.
Балаларды мектепке дайындау үшін 1 тамызда жыл сайынғы «Мектепке жол» республикалық акциясы басталды.
Биыл жергілікті бюджеттен «Жалпыға бірдей білім беру қорына» 1,6 млрд теңге бөлінді. 55 мың теңге көлемінде 12684 мұқтаж бала қаржылай көмек алды. Мектеп формасын, спорттық киімдерді және кеңсе тауарларын сатып алуға 697 млн теңге қарастырылған. Демеушілер мен меценаттар жалпы сомасы 275 млн теңгеге 5010 балаға көмек көрсетті. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасады», - деді қала әкімнің орынбасары.
«Мектеп автобусы» жобасын жүзеге асыру жалғасын табатынщығын атап өтті.
2023 жылы 100 автобус сатып алынды, бұл 8 мыңнан астам баланы тасымалдайды. Биыл 6 мыңнан астам баланы қамтитын 23 мектепке тағы 100 автобус сатып алу жоспарланып отыр. Осылайша, жаңа оқу жылында 14 мыңнан астам баланы 200 автобуспен тасымалдаймыз. Бұған барлығы 2,5 млрд теңге бөлінді, - деді Әсем Нүсіпова.