Биыл Алматы облысында 1 млн шаршы метр тұрғын үй беріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысында «Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыру жалғасуда. Биыл 1 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Оның жартысына жуығы көпбалалы отбасыларға арналған. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте облыс әкімі Амандық Баталов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.
«Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыру жалғасуда, биылғы жылы 1 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беру жоспарланған. 2603 пәтерлік 521 тұрғын үй салынып жатыр, соның 1212-сі көпбалалы отбасыларға беріледі. Сонымен қатар жеңілдіктер қарастырылған «7-20-25», «Бақытты отбасы» және «Шаңырақ 5-10-20» бағдарламалары арқылы 1986 отбасы пәтер кілтін алады, – деді аймақ басшысы.Бұдан бөлек өңір басшысы жұмыспен қамту мәселесіне тоқталды. Оның айтуынша, «Жұмыспен қамту жол картасы» шеңберінде өңірге 105 млрд теңге бөлінген, 20 мың жұмыс орнын құрған 1051 жоба жүзеге асырылды. Өткен жылы аймақ бойынша 60 мың жұмыс орны ашылған.
Алматы облысында құрылыс саласында карантиндік шектеулерге қарамастан жұмыс қарқыны бәсеңдеген жоқ. Сол сияқты біз шағын және орта бизнес нысандарының жабылуы салдарынан жұмысынан босап қалған көптеген азаматты осы құрылыс саласында жұмыспен қамтыдық, – деді Амандық Баталов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Семейде ядролық медицина орталығы іске қосылды
Өзгелердің жаңалығы