Биыл Алматы облысына қанша инвестиция тартылды? Әкім жауап берді
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев биыл өңірге тартылған инвестиция жайлы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы (БАКАД) пайдалануға берілді. Оның ұзындығы – 66 шақырым. Қазір осы жолдың төңірегінде 5 ірі халықаралық компания жалпы құны 815 млрд теңгеге өндіріс орындарын ашпақ. Бұл – темекі, чипсы өндіру, логистика және интернет дүкен жобалары. Сондай-ақ отандық компания құны 56 млрд теңге болатын жобаны іске асырып жатыр. Оның бірінші кезеңі бойынша жұмыс істелді , - деді Марат Сұлтанғазиев ОКҚ-де өткен брифингте.
Облыс басшысы биыл 6 айда өңірге қанша инвестия тартылғанын атап өтті.
Жоғарыда айтылған жобаның бәрі Алматы облысының инвестициялық тартымдылығы көрсетеді. Биыл тек бірінші жартыжылдықта өңірге тартылған тікелей шетелдік инвестиция көлемі 484 млн доллар болды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3 есе артық , - деді өңір әкімі.