Биыл әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары 19,1%-ға қымбаттады
Өткен аптада және ай басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағалар 0,1%-ға өскен.
Жылдық мәнде олар 19,4%-ға қымбаттады, бұл 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2,6 пайыздық тармаққа жоғары, деп хабарлайды BAQ.KZ статистика бюросына сілтеме жасап.
Өткен аптада пияз – 14,1%-ға, сәбіз – 4,3%-ға, картоп – 3,4%-ға арзандаған. Ал І категория жұмыртқасы – 2,4%-ға, сүзбе – 2,2%-ға, 2,5 пайыздық сүт 1,6%-ға қымбаттаған.
ҚР бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың 6 қыркүйектегі орташа бағасы:
Ұн, І сұрып – 229 тг/кг,
Сүзбе – 1797 тг/кг,
Басты пияз – 134 тг/кг.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қостанай облысында ірі қара малдан сібір жарасы табылды
Келесі жаңалық
Қазақстан мен Ресей агроөнім саудасын жеңілдетеді
Өзгелердің жаңалығы