Биыл Ақтөбе облысына 18 мыңнан астам шетелдік азамат келген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Олардың 600-ге жуығы алыс шет ел мемлекеттерінен болса, қалғандары ТМД азаматтары.

Ақтөбе облысы Полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының мәліметінше, 2020 жылы эпидемиологиялық жағдайға қарамастан, облысқа 18 мыңнан астам шетелдік азамат келген, оның ішінде 600-ге жуығы алыс шет ел мемлекеттерінен болса, қалғандары ТМД азаматтары.

Көшіп келушілердің еңбек қызметін заңдастыру мақсатында 7 мыңнан астам рұқсат берілді, соның нәтижесінде мемлекет кірісіне 107 млн 530 мың теңге көлемінде қаражат түсті, облыстық ПД баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта шетелдік азаматтарды қабылдайтын қызметкерлер оларды көші-қон қызметінде тіркеуі тиіс. Алайда мұнда да заңнаманы бұзушылықтар анықталды. Заңнаманы бұзғаны үшін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды 621 тұлға жауапкершілікке тартылды. 

Шетелдік жұмыс күшін және еңбекші көшіп келушілерді заңнаманы бұза отырып жұмысқа тартқан 68 адам жауапқа тартылды. Сонымен қатар, көші-қон қызметінің бөлімшелері 280 борышкер мен алимент төлемей жүрген адамдарды анықтады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы