Биыл Ақтауда екі мектеп пайдалануға беріледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл Ақтауда озық үлгідегі екі мектеп пайдалануға беріледі, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Бүгінде Ақтау қаласындағы 34 шағын ауданда 900 орындық мектептің құрылысы жүріп жатыр. Білім ордасы бұрын-соңды болмаған заманауи үлгіде салынуда. Мектептің іші мен сырты түгел бейнекамерамен бақыланатын болады. Оқушылардың спортпен шұғылдануына да барлық жағдай жасалған. Бұл мектеп аяқталса, қаланың жоғарғы бөлігінде, жаңа шағын аудандағы мектеп мәселесін шешуге мүмкіндік береді.

Екінші мектеп «Шығыс 1» шағын ауданында салынуда. Қос білім ордасы да алдағы жаңа оқу жылында пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр, – делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы