Биыл Ақмолада 4 млн тонна астық жиналған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Мемлекет басшысының Жолдауы аясында Ақмола облысының дамуы туралы» брифингте облыс әкімі Ермек Маржықпаев мәлім етті.
Жоғарыда атап өткенімдей, облысымыз – негізгі ауыл шаруашылық өңірлердің бірі. Жалпы республикалық ауыл шаруашылығы өніміндегі біздің үлесіміз шамамен 11%-ды құрады. Қолайсыз ауа райына қарамастан, облыс диқандары гектарынан 8,8 центнер түсімінде шамамен 4 млн тонна астық жинады, - деді әкім.Оның сөзінше, суармалы жерлердің көлемін ұлғайту бойынша жұмыс жалғасып, қазір 30 мың гектарға жетті.
Алдағы уақытта, суармалы жерлерді кеңейту, Есіл және Жарқайың аудандарында Бұзылық су қоймасының құрылысымен байланысты болмақ. Осы бірегей және маңызды жобаны іске асыру, өңірді сумен қамтамасыз етуді жақсартуға мүмкіндік береді, суармалы жерлердің көлемін кеңейтеді, эко жүйеге, флора мен фаунаға оң ықпал ететін болады, - деді Ақмола облысы әкімі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Ұлттық банк коллекциялық монеталарды айналымға шығарады
Өзгелердің жаңалығы