Биыл АИТВ-мен ауыратындарды антиретровирустық терапиямен қамту 73% құрады – Шоранов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің алқа отырысында Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Марат Шоранов 2020 жылы дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын азаматтардың жалпы көрсеткіші 31,6% құрағанын жеткізді.
Барлық өңірде жетістік байқалады. АИТВ-мен ауыратын адамдарды антиретровирустық терапиямен қамту республика бойынша жоспар 71% еді, нәтиже 73% құрады. Көрсеткішке қол жеткізілді. Сонымен қатар жол-көлік оқиғалары салдарынан өлім-жітім деңгейі республика бойынша 100 мың тұрғынға шаққанда 10,6 құрады. Осы көрсеткіш бойынша Ақмола облысын қоспағанда, өзге өңірлерде оң өзгеріс байқалады. Республика бойынша туберкулезбен сырқаттану көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 35,7-ні құрады. Өңірлер мақсатты көрсеткішке қол жеткізді. Коронавирус инфекциясымен байланысты шектеу шаралары осы көрсеткіштердің төмендеуіне айтарлықтай әсер етті, - деді Шоранов.
Оның айтуынша, медико-санитарлық алғашқы көмек (МСАК) көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына барғандар саны бір тұрғынға шаққанда 4,9 құрады, жоспар бойынша – 4,33 еді, көрсеткішке қол жеткізілді. Алайда, 5 өңір: Атырау, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстары нысаналы мәнге жетпейді.
Өңірлерде әкімдіктер амбулаториялық-емханалық ұйымдарда медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру бойынша шаралар қабылдауы қажет. Денсаулық сақтаудағы жеке инвестициялардың үлесі 40,3%-ды құрады, медициналық ұйымдардың медициналық техникамен жарақтандырылуы 77%, ал медициналық ұйымдар ғимараттарының тозу деңгейі 58,2% болып отыр. Кемшіліктер денсаулық сақтау нысандарын күрделі жөндеуге, салуға және қайта құруға бұрын жоспарланған қаражатты короновирус инфекциясымен және оның салдарымен күресуге бағыттаумен байланысты, - деп түсіндірді бірінші вице-министр.
Өңірлерде медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру үшін ауылдық елді мекендерде 137 фельдшерлік-акушерлік, медициналық пункттер мен дәрігерлік амбулаториялар ашу жоспарлануда. 2021 жылы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік (МЖӘ) аясында салынып жатқан 20 аурухананың 8-і мен Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында 2 ірі медициналық зерттеу орталығының құрылысын бастау жоспарланған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Таразда екінші «Жайлы мектеп» пайдалануға берілді
Өзгелердің жаңалығы