Биыл ақтөбеліктер жәрмеңкелердің арқасында 12 млн теңге үнемдеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жыл басынан бері Ақтөбе қаласында 37 жәрмеңке өтті. Бұл туралы аktobenews.kz сайтында хабарланды.
Қалалық кәсіпкерлік бөлімінің мәліметінше, әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасын тұрақтандыру үшін көшпелі 85 сауда орны белгіленді.
Көкөністер мен жеміс-жидектер сату үшін шаруа қожалықтарына 286 сауда орны берілді.
«Қала бойынша «Анвар» мен «Дина» ірі сауда желілерінің 38 орны бар. Тауардың бағасына мониторинг жүргізіп отырамыз. Әзірше тауар бағасын 10-15% өсуі байқалмады», - деді бөлім басшысы Руслан Ажниязов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстан Азия чемпионатындағы медальдік есепте үшінші орында
Келесі жаңалық
Алматыда жыл соңына дейін 16 жатақхана пайдалануға беріледі
Өзгелердің жаңалығы