31 Шілде 2025 2025, 10:42 Фото: gov.kz

Биыл 92 елді мекен газбен қамтылады

Биыл елімізде 92 елді мекен көгілдір отынмен қамтамасыз етіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Биыл елімізде 92 елді мекен көгілдір отынмен қамтамасыз етіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Бұл туралы Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Үкімет үйінде өтіп жатқан баспасөз конференциясында мәлімдеді. 

Мұнай-газ саласында 1-ші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 7,6 млн тонна мұнай өнімдері өндірілді. Ал жылдық жоспары – 14,8 млн тонна. Биыл 62 млрд м³ газ өндіру жоспарланған. 94 елді мекен газбен қамтамасыз етіледі, 300 мыңнан астам адам көгілдір отынға қол жеткізеді, - деп атап өтті вице-премьер.

Айтуынша, қыркүйек айында ұзындығы 302 км болатын "Талдықорған – Үшарал" магистральдық газ құбыры іске қосылады.

Бұл 60-тан астам елді мекенді газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сәуір айында "Бейнеу-Бозой-Шымкент" Магистральдық газ құбыры екінші желісінің құрылысы басталды. Оны келесі жылдың соңына дейін пайдалануға берілу жоспарланып отыр, - деді Роман Скляр.

Сонымен қоса мұнай-газ химиясы саласына да тоқталды.

Мұнай-газ химиясы саласында 6 айдың қорытындысы бойынша 380 мың тоннадан астам өнім өндірілді. Бұл былтырғы деңгейден 12,7%-ға артық. Энергетика саласында биыл бірінші жартыжылдықта 62,2 млрд кВт/сағ электр энергиясы өндірілді, бұл өткен жылдың деңгейінен 3,3%-ға жоғары. 2028 жылға қарай жалпы қуаттылығы шамамен 6700 МВт болатын жаңа генерация іске қосылады. Оның ішінде биыл дәстүрлі және баламалы қуат көздері бойынша 620 МВт енгізіледі, - дейді Үкімет басшысының бірінші орынбасары.

Бұған дейін Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр қызметтен қашан кететінін айтты. Сондай-ақ ол Қазақстанда өнеркәсіпте жарты жыл ішінде өндіріс көлемі 28,9 трлн теңгені құрағанын мәлімдеді.