Биыл 9 мыңнан астам елордалық велосипед жалдау қызметіне қосылған

Осы уақыт ішінде велошеринг қолданушылары 929 552 км жүріп өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Elorda.info сілтеме жасап.

Веломаусым 15 сәуірде ашылды.

«City Transportation Systems» ЖШС мәліметінше, сатып алынған абонементтер саны 8104 құрады. Сондай-ақ, 9615 жаңа пайдаланушы қосылды.

Айта кетейік, тарифтермен танысып және абонементті сатып алу velobike.kz сайтында болады.

Жеңілдігі бар санаттағы азаматтар мен студенттер үшін маусымдық және тоқсандық абонементтерге 50% жеңілдік қолжетімді.

Жеңілдігі бар азаматтардың санатына кімдер жататыны туралы ақпарат сайтта орналастырылған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: velobike.kz
Өзгелердің жаңалығы