Биыл 800-ден астам атыраулық баспаналы болған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау қаласында тозығы жеткен үйлерді мекендеуге мәжбүр болған тұрғындардың 40 пайызы жаңа баспанаға көшті. Бұл туралы Атырау облыстық коммуникациялар қызметі хабарлады.
Бүгінде облыс көлемінде апатты 82 көппәтерлі үй бар. Оның ішінде 51-і апатты, 26-сы тозығы жеткен тұрғын үй. Ал бесеуі санитария нормаларына жатпайтын жатақхана. Апатты баспаналардың дені 1960 жылдары салынған.
Осында тұратын тұрғындарды жаңа баспанаға қоныстандыру ондаған жылдан бері қозғалып келе жатқан мәселе. Бұл бағытта өткен жылы 4 көппәтерлі тұрғын үй көшірілген болса, биыл 9 үй қоныс аударды.
Алдағы уақытта Атырау қаласында тағы 1500 жаңа пәтер тапсыру арқылы бұл мәселені түбегейлі шешу жоспарланған.
Еске сала кетелік, жыл соңына дейін Атырау қаласындағы Молдағалиев көшесі 30, 33 А және Төлебаев көшесі 44 мекен-жайындағы жатақхана тұрғындары баспанамен қамтылады.