Биыл 6 мың шаршы метрге жуық жол тегістелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жыл сайын еліміздегі автомобиль жолдарында қысқы аяз бен көктемгі тасқын су салдарынан болған ақауларды жою мен қауіпсіз әрі үздіксіз қозғалысты қамтамасыз етуге бағытталған кешенді бағдарлама іске қосылады. 

Биыл көктемгі тексерудің қорытындысы бойынша бекітілген кешенді-мақсатты бағдарламаға сәйкес, жолшылар шұрық-тесік, ойқы-шойқы жолдың 60 мың шаршы метрден астамын жөндеген. Жоспар бойынша 2021 жылы бұл жұмысты 600 мың шаршы метр жолға жүргізу көзделген.

«Қазақавтожол» мамандары 6 мың шаршы метрге жуық жолды тегістеді. 3606 жол белгісі, 73 панно, 22 жарықдиодты жол белгісі орнатылып, алмастырылған. Бұдан бөлек, жолшылар 3507 дабыл бағанасын, шақырымдық белгінің 98 бірлігін, 30860 катафот пен 117 жол буферін құрған. Ал жолдың 7 мыңнан астам шақырымына жүріс бөлігі сызығы белгіленді. Сондай-ақ, 13 мың метрден астам қоршау орнатылып, жөнделген. 42 көлік павильоны мен демалыс алаңына жөндеу жүргізілді - дейді ИИДМ баспасөз қызметі.

Айта кетейік, барлық жұмыстар жол жабындысындағы ақауларды жойып, қауіпсіз әрі үздіксіз қозғалысты қамтамасыз етуге бағытталған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы