Биыл 523 түлек су мамандықтары бойынша грантқа түсті

2024-2025 оқу жылында 523 түлек су саласы мамандықтары бойынша грантқа (бакалавриат) түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Былтыр 266 студент су шаруашылығы мамандықтары бойынша тегін білім алу мүмкіндігіне ие болған еді.

Талапкерлердің басым бөлігі – 241 түлек «Су ресурстары және суды пайдалану» мамандығын таңдады. Ал, «Гидрогеология және геоэкология» мамандығы бойынша 150 талапкер, «Гидрология» мамандығы бойынша 95 түлек оқуға түсті. 26 адам «Гидротехникалық құрылыс», 11 талапкер «Сумен жабдықтау және су бұру» мамандықтарын таңдады.

Біз су саласының кадрлық әлеуетін арттыру бойынша жұмысты жалғастырамыз. Өздеріңіз білетіндей, биыл Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті ашылып, 129 талапкер бакалавриатқа грантқа түсті. Сондай-ақ, министрлік 9 ЖОО-мен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Осының нәтижесінде биыл 82 студент «Қазсушар» филиалдарында өндірістік тәжірибеден өтті, бұл өткен жылғы көрсеткіштен айтарлықтай көп, – деді Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Болат Бекнияз.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов -архив
Өзгелердің жаңалығы