Биыл 480 ауыл жаңғыртылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген құрамдағы отырысы кезінде Үкімет басшысы Асқар Мамин хабарлады. Премьер-министрдің айтуынша, ауылдық жерлердегі тұрмыс сапасын жақсарту мақсатында бірқатар шаралар атқарылады.
«Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 480 ауыл жаңғыртылатын көрінеді. Жобалардың басым көпшілігі Түркістан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында өткізіледі деп жоспарлануда.
106 млрд теңгеге 1140 жоба іске асырылады. Сонымен қатар Үкімет экономиканы сапалы цифрландыру бойынша кешенді жұмыс жүргізіп жатыр. Интернет трафигі 2020 жылы 6800 петабайт болса, есепті кезеңде 132 пайызға артып, 15800 петабайтқа дейін өседі, - деді өз сөзінде Асқар Мамин.
Сондай-ақ азаматтар қалта телефоны арқылы алатын қызметтердің түрлері де 3 есеге артады. Білім беру саласының инфрақұрылымы да назардан қалыс қалмай, жыл соңына дейін 1015 мектеп жаңғыртылып, 200 мектептің құрылысы аяқталады деп күтілуде. 14,3 мың орындық 48 жатақхана пайдалануға беріледі.
Премьер-министр Үкімет биыл бірқатар нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізу үшін белсенді жұмыс жүргізіп жатқанын айтты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Еліміздегі орташа айлық еңбекақы - 233 мың теңге
Өзгелердің жаңалығы