Биыл 470 мың гектар егіс алқабы су үнемдейтін технологиямен суарылды
Биыл 470 мың гектарға жуық егіс алқабы су үнемдейтін технологияларды қолдана отырып суарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Биыл 470 мың гектарға жуық егіс алқабы су үнемдейтін технологияларды қолдана отырып суарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұдан бөлек, 58 мың гектарға жуық жер лазерлік жоспарлаушы арқылы тегістелді.
Бұл іс-шаралар суармалы су шығынын азайтуға мүмкіндік берді. Еске салсақ, Су ресурстары және ирригация министрлігі «2024-2026 жылдарға арналған су үнемдеудің жол картасын» әзірлеген болатын.
Жоспарда 39 іс-шара қарастырылған. Министрлік су үнемдеу саясатын одан әрі іске асыру және шаруаларды су үнемдеу технологияларына көшуге ынталандыру мақсатында су үнемдеу жүйелерін орнату шығындарын субсидиялау мөлшерін 50%-дан 80%-ға дейін ұлғайтты.
Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау үшін әр өңірге су үнемдеу жүйелері орнатылған егіс алқаптарын ұлғайту бойынша нақты индикаторлар белгілеп, кезеңдік жоспар әзірледі. Осылайша, министрлік 2030 жылдың соңына қарай жылына 2,2 млрд текше метрге дейін су үнемдеуге ниетті,- деді ҚР СРИМ Суды үнемдеу технологияларын дамыту департаментінің директоры Берікбол Мәндібаев.
- SpaceX Starship кемесін құрлықта ұстап қалуға алғаш рет әрекет жасайды 00:30
- Алматыда сталкинг жасады деген күдікпен 52 жастағы ер адам ұсталды 13.11.2026
- Аман Бақытжан Қазақстан қоржынына екінші күмісті салды 13.11.2026
- Астанада заңсыз салынған нысан сот шешімімен бұзылатын болды 13.11.2026
- Қостанай облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды 13.11.2026
- Ғалия Тынбаева Хорватиядағы дзюдодан Гран-при турнирінің күміс жүлдегері атанды 13.11.2026
- Қазақстан Түркі мемлекеттері ұйымымен экологиялық ынтымақтастықты нығайтады 13.11.2026