Биыл Қызылордада 450-ден астам тұрақты жұмыс орны ашылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысында 2020-2021 жылдарға арналған "Жұмыспен қамту Жол картасы" аясында 276 инфрақұрылымдық жаңа жоба іске асады деп жоспарланған.

Ол үшін өңірде 36 957 млн теңге көлемінде қаржы қаралған. Жобаларды жүзеге асыру кезінде 9299 жұмыс орындары ашылып, оның 452 тұрақты жұмыс орны ретінде құрылады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифингте облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев хабарлады.

276 инфрақұрылымдық жобаның 125-і әлеуметтік-мәдениет саласында, 42 жоба тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және инженерлік-транспорттық салада-62, абаттандыру бойынша- 47 жоба жүзеге асады деп жоспарлануда. Бүгінгі күнге дейін 175 жобаның мемлекеттік сатып алу конкурстары аяқталып, мердігер мекемелері анықталған. Ал, 25 жоба бойынша келісім шарт жасалып, 74 адам жұмыспен қамтылған. Жол картаның негізгі талаптарының бірі- инфрақұрылымдық жоба іске асырылатын ауданда (қалада) алдымен жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген азаматтар (50%) бірінші кезекте жұмысқа орналастырылады - деді ол.

Сондай-ақ, жұмысқа қабалданған азаматтардың орташа жалақысы экологиялық үстеме ақысын есепке алмағанда ең төменгі жалақының кемінде екі мөлшері көлемінде білгілену керек. Айта кетейік, жоба аясында жұмыссыз жастарға, оның ішінде денсаулығына зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын жұмыстарға студенттерді тарту шаралары да қарастырылған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы