Биыл 402 мың бала дүние есігін ашты
Бұл туралы бүгін орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз алаңында Денсаулық сақтау вице- министрі Вячеслав Юрьевич айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Мемлекет басшысының Жолдауында өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы – біздің жалпыұлттық міндетіміз екендігі айтылған.
Ана мен бала денсаулығын сақтау денсаулық сақтау жүйесінің маңызды және басым бағыттарының бірі болып табылады.
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, елімізде 6,6 миллионнан астам бала тұрады. Олардың ішінде 5 жасқа дейінгі балалар саны - 2,5 млн құрайды.
Оқушылардың саны -3,4 млн.
Бүгін баспасөз мәслихатында баяндама жасаған Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник балаларға медициналық көмек көрсетудің көп деңгейлі тәсілі жүзеге асырылып жатырғанын айтады.
Республикада 249 босандыру ұйымы жұмыс істейді. Оның ішінде жаңа тәған нәрестелерге көмек көрсететін 39 перинаталдық орталық, оның ішінде 3 республикалық деңгейдегі балаларды оңалту орталықтары бар. 2022 жылы амбулаториялық деңгейде балалардың 118 млн. консультациялық-диагностикалық қабылдауы жүргізілді, тәулік бойы стационар жағдайында 576 мың бала емделді.Балаларға 100 мыңнан астам ота жасалды,-деп атап өтті ол.
Вице-минитср биыл 402 мың бала дүниеге келгенін тілге тиек етті.