Биыл 4 300 жаңа пәтер қолданысқа беріледі – Қарағанды облысы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы бүгін облыс әкімдігінде өткен аппарат жиналысында Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Тайхан Қалмаханов мәлімдеді.

Аймақ басшысының баспасөз қызметінен хабарлағандай, биылғы жылы Қарағанды облысында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 4 300 пәтер салу жоспарлануда. Олардың 1 722-і қазірдің өзінде пайдалануға берілді. 

Жыл соңына дейін жоспар бойынша «Үш жапырақ» шағын ауданында 576 пәтер тапсырылуы тиіс. Тағы 1054 пәтер «7-20-25» тұрғын үй бағдарламасы бойынша қолданысқа беріледі деп болжануда. Екінші деңгейлі банктер бағдарламаға қатысушылардан 286 өтінімді мақұлдады. 

Осы жылы 376 отбасына арналған пәтерлер «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша тапсырылады. Ол жеңілдетілген ипотеканы жылдық 2% мөлшерлемесімен ресімдеуді көздейді.

Сондай-ақ, биыл 1243 жалға берілетін пәтер пайдалануға беріледі. Оның ішінде 776 пәтердің кілті көпбалалы отбасыларға таратылды. 467 пәтерді әлеуметтік осал топтар санатына кіретін азаматтар алады. Осылайша, тұрғын үйге кезекте тұрған көпбалалы отбасылар саны 1464-тен 688-ге дейін қысқарады.

   

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы