30 Тамыз 2026, 12:49
Фото: pixabay
Биыл 3,5 мыңнан астам интернет-алаяқтық қылмысы ашылды
Бұл – Ішкі істер министрлігі, Ұлттық банк, қаржы ұйымдары мен байланыс операторларының бірлескен жұмысының нәтижесі.
Антифрод-орталықтың мүмкіндіктері азаматтарға келуі мүмкін қаржылық шығынның алдын алуға мүмкіндік берді. Нәтижесінде жалпы сомасы 1 млрд теңгеден асатын қаражат бұғатталды.
Сонымен қатар байланыс операторлары 163 млн-нан астам алаяқтық телефон қоңырауын бұғаттады.
Ал Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Киберқадағалау» мемлекеттік жүйесі арқылы заңсыз әрекетке пайдаланылған 26 мың интернет-ресурс анықталып, олардың жұмысына тосқауыл қойылды. Бұдан бөлек, заңсыз call-орталықтар мен дропперлік желілердің қызметі тоқтатылды.