Биыл 3200-ден астам павлодарлық оқушы ҰБТ тапсырады
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Павлодар облысында ұлттық бірыңғай тестілеу санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың орындалуымен алғаш рет электронды форматта өтеді.
Облыстық білім беру басқармасы мамандарының мәліметінше, биылғы жылы 4477 ұл-қыз мектепті тәмамдайды. Бұл - өткен жылғы қарағанда 705 оқушыға көп көрсеткіш. Ал ұлттық бірыңғай тестілеуді 3266 бала тапсыруды шешті. Яғни, мектеп түлектерінің 73%-ы білімдерін сарапқа салмақ.
Сынақ бір тестілеуші-бір компьютер-бір камера» қағидаты бойына өтеді. Яғни, тест тапсырушы бөлек компьютерге отырады. Ал оның жұмысын бақылау мақсатында жеке камера орнатылып, үрдіс жазылады. Оқушы бөтен заттарды қолданып жатқаны тіркелсе, тест нәтижелері нөлге тең болады. Электронды форматтың бірқатар артықшылықтары бар. Мәселен, оқушы тест тапсыру күнін, уақытын, орнын өзі таңдай алады. Тілдер мен пәндерді ауыстыруға мүмкіндік бар. Нәтижелер де бірден шығарылады. Ал аппеляцияны тестілеуден соң бірден беруге болады, - дейді мамандар.
Мемлекеттік білім грантын алу мен ақылы негізде оқуға өтініштер осы жылдың 26 наурызы мен 10 маусымы аралығында қабылданады.
Тестілеу 11 сәуір-30 маусым аралығында өтеді. Түлектер сынақты екі рет тапсырады. Үздік көрсеткіштерді мемлекеттік грант алу конкурсына тапсыруға болады, - дейді облыстық білім беру басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы.
Сынақ барысында санитарлық талаптар күшейтіледі. Балалар тепловизор арқылы өтеп, әрқайсысының дене температурасы тексерледі. Барлығы дезинфекцияланған дәліз арқылы өткізіліп, аралығындағы әлеуметтік қашықтық сақталады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыда екі мыңнан астам полиция қызметкері вакцина салдырды
Келесі жаңалық
Әлемде аллергиясы бар адамдар көбейді
Өзгелердің жаңалығы