Биыл 2,8 млн сапалы жұмыс орны құрылады – Еңбек министрлігі
Елімізде еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітіліп, "сапалы жұмыс орны" ұғымы енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Тұжырымдамаға сәйкес, 2025 жылы ел экономикасында сапалы жұмыс орындарының санын 2 млн 847 мыңға жеткізу жоспарланған. Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында елімізде сапалы жұмыс орындарының саны 2024 жылмен салыстырғанда 150 мыңға артып, 2 млн 602 мың бірлікті құрады. 2024-2029 жылдар аралығында 3,3 млн адамды, оның ішінде 2,3 млн жасты жұмыспен қамту көзделген, - деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқар Биахметов.
Оның айтуынша, биыл өңірлермен бірлесіп 480 мыңнан астам тұрғынды жұмысқа орналастыру жоспарланған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы